00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық бизнесвумен өзінің киім брендін қалай қалыптастырды

25.02.2023 | 02:12
Елорда ақпарат
109

Әйгерім Әбенова – әлеуметтік кәсіпкер, тігін өндірісімен айналысады. Оның шығарған өнімдері қазір елордадағы ірі дүкендерде сатылады, бұдан бөлек Ресейден де тапсырыстар түсіп тұрады.

Қазір тігін өндірісін дамытумен айналысып жатырмыз. Әйелдерге арналған киімдер тігеміз. Өндірісіміздің мақсаты – қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту. Осыған орай халықтың әлеуметтік осал топтарына арнап жұмыс орындарын ашып жатырмыз. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, сол сияқты колледжді немесе өзге де оқу орындарын бітірген жас мамандар бар. Біз тігін өндірісін қолға алғанда мамандар аз екенін білдік. Сол себепті қазір тігіншілерді өзіміз оқытып алатын болдық, - деді Әйгерім Әбенова.

Кәсіпкердің айтуынша, цех қызметкерлері пішуді, тігуді үйренді, Әйгерімнің өзі де карантин кезінде түрлі курстардан өтіпті.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің болашағы зор деп есептеймін. Грант қаражатына кәсіби тігін жабдықтарын, арнайы баспа жабдығын сатып алдық, оның көмегімен өзіміз шығаратын өнімдерге сурет сала аламыз. Сондай-ақ, біз өте қымбат тұратын кәсіби үтік сатып алдық, оның бағасы да әжептәуір қымбат тұрады. Қазір өнімдеріміз ойдағыдай сатылып жатыр, қаламыздағы ірі дүкендерде сатылымда бар. Біз сондай-ақ түрлі көрмелерге белсенді қатысып, өз брендімізді таныта түсеміз. Өнімдерімізге қазір Ресейден де ұсыныстар түсіп жатыр. Бұл да жетістік деп санаймын. Осындай қысқа уақытта біз өз брендімізді дамытып, сапалы әрі қолжетімді өнім шығаруға тырысамыз, - деп қорытындылады бизнесвумен.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын республикалық бюджеттен шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін қаражат бөлінеді. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың сәуір айында онлайн режимде «Qoldau» цифрлық платформасында, ал одан бір ай бұрын қала әкімдігінің ресми сайтындағы «Бизнес және кәсіпкерлік» бөлімінде осы жөнінде хабарландыру жарияланады.

Толық кеңес алу үшін телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 55-69-21, 55-69-10, 55-69-03 және 55-69-16.

Все новости