00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада өткен тәулікте 142 жол-көлік оқиғасы тіркелді

25.02.2023 | 00:33
Елорда ақпарат
69

Тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге барынша көмек көрсетуде. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, полицейлер қызмет өткеру кезінде балалар мен қарт жаяу жүргіншілерге жол өткелінде көмек көрсетеді.

Өткен тәулікте елордада 142 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, төртеуі зардап шекті.

Жүргізушілерге қозғалыс кезінде өте мұқият және сақ болуды, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақ күрт тежеуге жүгінбеу қажет. Жаяу жүргіншілерден жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуді сұраймыз. Осыған байланысты, жаяу жүргіншілер өткелінің алдында қозғалыс жылдамдығын барынша азайтып, жалпы білім беру мекемелерінің жанында өте мұқият болуды ескертеміз, - дейді Патрульдік полиция полкі командирінің м.а. Марат Бейсембаев.  

Механикаландырылған жинауға кедергі келтіретін көше бойында автокөліктерді қою фактілері бойынша жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылады, сондай-ақ көлік құралдары эвакуацияланатын болады.

Жаяу жүргіншілер көлік құралының толық тоқтағанына көз жеткізіп, белгіленген орындарда жүріс бөлігінен өтуі керек. 

Все новости