00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды

25.02.2023 | 00:31
Елорда ақпарат
45

Тұран даңғылы бойында жеке инвестициялар есебінен оқушылар сарайының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта алаңды бөлшектеу (демонтаж) және тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқушылар сарайының жалпы ауданы шамамен 5 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде бассейн, робототехника және IT-бағдарламалау кабинеттерін, хореография, спорттық-бал биі, гимнастика, шахмат және т.б. залдарын ашу жоспарланып отыр. Бұл Оқушылар сарайы қала тұрғындарының өтініші бойынша сол жағалауда ашылмақ. Себебі алғашқы салынған Оқушылар сарайы қаланың оң жағалауында орналасқан, – деп жазды А.Көлгінов.

Сондай-ақ ол құрылысы басталған мектептерді де атап өтті.

Бірнеше үйдің тұрғындары көтерген екінші мәселе – мектеп құрылысы. Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Поколение» тұрғын үй кешенінің ауданында 2400 орындық мектеп саламыз (2 ауысымды). Оның қазаншұңқырын қазу және қадаларын қағу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында № 59 мектеп аумағында (Сауран көшесі, 5/1) 1200 орындық тағы бір корпус саламыз (2 ауысымда). Наурыз айының соңына дейін мемлекеттік сараптамадан жобалық-сметалық құжаттаманың шығуын күтеміз, сәуірде мектеп құрылысына конкурс жариялаймыз. Биыл оқу орнының құрылысына қаражат қарастырылды, – деді елорда әкімі.

Одан бөлек, А.Көлгінов ашық аспан астында бос уақытты пайдалы өткізетін орын құру мәселесіне тоқталды.

Абаттандыру маусымы басталысымен Қабанбай батыр даңғылының бойында («Инфинити» ТК қарама-қарсы) аумақты көгалдандыру мен абаттандыруға баса мән беріліп, қоғамдық кеңістік саламыз, – деп жазды қала басшысы.

Все новости