00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада бір күнде 300-ден астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған

24.02.2023 | 23:03
Елорда ақпарат
102

Елорда аумағында жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында “Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!” атты жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Апта сайын жұма күндері полиция қызметкерлері қала жолдарында жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерді анықтауда. Бір күнде тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер жол берген 330 құқықбұзушылықты анықтады. Жыл басынан бері бір мыңнан астам осындай құқықбұзушылық тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде басты назарды көлік жүретін бөліктің белгіленбеген жерлерінен өту, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту және тротуарда тоқтап тұру ережелерінің бұзылуына және т.б. аударуда.

Автокөлік жүргізушілерін тәртіпке келтіре отырып, полицейлер жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерінің бұзылуын, жаяу жүргіншілер өткелінде жол беру талабының орындалмауын, аялдама және тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру ережелерінің бұзылуын мұқият қадағалайтын болады.

Осылайша, бір күнде қызметкерлер жүргізушілердің 400-ден астам ЖҚЕ бұзғанын анықтады, коммуналдық тұраққа 11 көлік құралы қойылды.

Все новости