00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алтай Көлгінов елорданың шағын аудандарындағы тұрғындармен кездесті

24.02.2023 | 21:49
Елорда ақпарат
31

Қала әкімі елді мекендердің  жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Қаламызда 16 елді мекен бар, ал елордамыздың әрбір төртінші тұрғыны осы елді мекендерде тұрады. Қала маңына 13,5 км инженерлік желі, 5 км-ден астам кәріз және су құбыры, 3 км-ден астам нөсер кәрізі салынды. Бұған дейін аталғае аудандардың тұрғындары елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар маңызды мәселе көтерген болатын. Нұр-Бесік шағын ауданында 200-ден астам үй орналасқан. Бұл шағын ауданға орталықтандырылған су және электр жабдықтау жүйесі қосылды, сол сияқты трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды,– деп жазды Көлгінов.

Сонымен қатар, қала басшысы 9 елді мекенде газ тарату желісі іске қосылып, 2 жыл ішінде елді мекендерде 160-тан астам көше салынғанын мәлімдеді.

Оған қоса, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып, Көктал елді мекенінде қала тұрғындарына арнап үлкен саябақ ашылған. Көктал мен Өндіріс елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің де құрылысы аяқталған. Әкім сондай-ақ дәл осындай кешендердің Үркер (Ильинка), Теміржолшылар елді мекендерінде де болатынын айтты.



Елорда әкімі Мичурино елді мекенінде алғаш рет мектеп салғанын, бұрын оқушылар арнайы бейімделген орындарда білім алып келгенін еске салды.
 

2022 жылы төрт елді мекенде тағы 4 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты 2022 жылы Интернациональный елді мекенінде алғашқы медициналық көмек орталығын салынады, ал 2024 жылға дейін екі отбасылық денсаулық орталығы екі өндірістік және өнеркәсіптік елді мекендерде салынады, – деді әкім.

Кездесу барысында атқарылған жұмыстар туралы айтылып, сол сияқты елді мекендерді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар мен идеяларын тыңдалды. Алтай Көлгінов елордалықтар көтерген мәселелер қатарында жарықтандыру, абаттандыру, әлеуметтік нысандар, жол салу, инженерлік желілер жүргізу, көгалдандыру және т.б. мәселелер барын атап өтті. 

Осындай бетпе-бет форматта аудан, елді мекен тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрамыз. Бұл бізге қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейтуге көмектеседі, сол сияқты елордалықтардың қажеттіліктері ескеріледі әрі бұл елді мекендердің дамуына оң әсер етеді, – деп түйіндеді Көлгінов.

 

Все новости