00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Есіл өзені суының сапасы қандай

24.02.2023 | 18:51
Елорда ақпарат
235

«Былтырдан бастап Есіл өзенінің суы сапа жіктемесіне сәйкес 5-ші топқа жатады. Бізде су сапасына қарай 5 жіктеме топқа бөлінеді. Ол бойынша алғашқы 4 жіктемеге жататын суда адам шомылуға болады, жарамды. Айтпақшы, Қазгидрометтің сайтында су бетінің интерактивті картасы бар. Оны кез келген адам қарап, таныса алады. Ол картада да Есіл өзені суының сапасы жіктеменің соңғы сатысында тұр. Сондықтан Есіл өзенінде шомылуға тыйым салынды. Аталған өзенге қатысты екінші мәселе — оның тартылып, таяздап бара жатқаны. Бұл — үлкен мәселе. Одан бөлек, өзен лас. Мойындау керек, бұл адамның ісі, қалдық көп тасталады. ЛРТ-ның құрылысы кезінде Есіл өзеніндегі Беласар көпірінің жанында құрылыс және басқа да қалдық тасталды, соның салдарынан жағымсыз иіс пайда болды», – деді практикалық экологтар қауымдастығының басшысы Лауру Мәлікова.

Оның айтуынша, еліміздің су кодексінде өзен маңында салынатын құрылыстың өзіндік ережесі жазылған және ол сақталуы тиіс. Аталған мәселеге қатысты Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Серікжан Бекетаев түсінік берді.

«Есіл өзеннің таяздау мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілді. Қалалық экология департаменті аталған фактіні тексеріп, тіркеді де. Біз өз кезегімізде құзырлы органдарға хат жолдадық, мәселе бақылауға алынды. Расымен өткен жылы өзен тартылуы байқалды. Жалпы өзен суының азаюы оның сапасына да әсер етеді», – дейді ол.

Все новости