00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада бір тәулікте 700-ден астам адам жол ережесін бұзған

24.02.2023 | 18:01
Елорда ақпарат
89

Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері 710 жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Оның біреуін қоғамдық көлік жүргізушісі жасаған. Ал 53 жүргізуші техникалық тексерістен өтпеген көлікті жүргізген және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 25 жүргізуші ұсталып отыр.

Сонымен қатар 11 жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетсе, 16 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен. Мас халде көлік жүргізгені үшін 16 жүргізуші ұсталып, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ 6 азамат темір тұлпарды тізгіндеген және айып тұрағына 52 автокөлік қойылған.

Все новости