00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық көлік жүргізушілер наразылыққа шықты (ВИДЕО)

24.02.2023 | 17:57
Елорда ақпарат
110

«Адам сияқты өмір сүргім келеді менің! Адамша бала-шағамды асырағым келеді. Осындайға жеткіздіңіздер», - дейді көлік иелерінің бірі.

Сондай-ақ кейбір адамдарды полицияның әкетіп жатқанын да байқауға болады. Олар жиналғандарға мұның заңсыз митинг екенін айтып түсіндіруде.

«Біз «жігіттер, қойыңдар» деп неше рет айттық. Колоннамен жүрсіңдер. Мұндай нәрсе өткізу үшін хат жазып, рұқсат алады», - дейді полиция өкілі.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, тамыз айынан бері көрші елдерден келетін көліктерді тексеру шаралары атқарылған. Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары ресейлік нөмірмен жүрген автокөліктерге баса назар аударды.

«Сол кезде бізге біраз криминалдық көлік әкелінгені анықталды. Олар тіркеуден шығарылған. Жалған құжат негізінде 10 көлікті кіргізу фактісін Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп анықтадық. Бұдан бөлек, 150 көлікті Ресей Федерациясында тіркеуден шығарып тастаған», - дейді Серік Түсіпов.

Осыдан кейін Ішкі істер министрлігі Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген көліктер туралы қажетті ақпаратты сақтандыру компанияларынан алдыртты. Ресейдің ішкі істер органдарына да сұрау салынды. Ол жақта Қазақстанда жүрген 88 мың көліктің тіркеуде тұрмағаны расталған.

Все новости