00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалған бойжеткен табылды

24.02.2023 | 17:41
Елорда ақпарат
58

Полицияға шағымданған ер адамның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған қызды соңғы рет Жеңіс даңғылындағы колледж ғимаратынан шыққан кезде байқаған. Бойжеткеннің бұған дейін үйінен бірнеше рет кетіп қалғаны да белгілі болды.

Қыз баланы іздеу жұмыстарына елорда полициясының жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылған. Іздеу барысында тәртіп сақшылары оның болуы мүмкін жерлердің барлығын тексеріп шықты.

15 жастағы бойжеткен ақыры табылды. Қазіргі кезде ол үйінде отыр. Ювеналдық полиция қызметкерлері оның отбасын есепке алды.

Елорда полицейлері ата-аналарға баланың жүріс-тұрысын қадағалау қажеттілігі мен тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісті атқармағаны үшін артылатын жауапкершілік туралы еске салды.

Все новости