00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақмола облысының аграршылары жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім әкелді

24.02.2023 | 17:24
Елорда ақпарат
47

Елордада қар жауып, күннің салқындағанына қарамастан, жәрмеңкеге келушілер саны көп. Сондай-ақ, көңілді музыка, өңірден келген әртістердің шағын концерттік бағдарламасы бар. 

“Ақмола облысының 200-ден астам тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам азық-түлік түрлерін әкелді. Әкелінген өнімнің жалпы көлемі 400 млн теңгеден астам сомаға 500 тоннаға жуық өнім ұсынады. Азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен. Әкелінген өнімдердің ішінде - 130 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, 50 тоннадан астам сүт өнімдері, 8 тонна балық, 14 тонна ұн, 150 тоннадан астам картоп, 3 тоннадан астам кондитерлік өнімдер және т. б. бар. Жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі”, – деп мәлімдеді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов. 

Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов атап өткендей, ауа райы жағдайлары жәрмеңкеге келушілерге әсер етпейді. Оның айтуынша, орта есеппен жәрмеңкеге елорда халқының үштен бірі қатысады.

“Бүгін бізде Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен 13-ші ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Өткізілген жәрмеңкелерде барлығы 4,8 мың тоннадан астам азық-түлік өнімдері сатылды. Жәрмеңкедегі бағалар 10-15%-ға, ал екінші күні нарықтық бағадан 20-25%-ға төмен. Жәрмеңкеге республиканың түрлі өңірлерінен 860-тан астам тауар өндірушілер қатысты”, – деді Р.Ыдырысов. 

Бағаларға келетін болсақ, жылқы етінің бір келісін 2 200 теңгеге, сиыр етін – 2 000 теңгеге, қой етін – 1 900 теңгеге, үйректі – 2 500 теңгеге, пісірілген шұжықты – 1 400 теңгеге, картопты – 140 теңгеге, сүтті 230 теңгеге сатып алуға болады. 

“Күннің суығына қарамастан жәрмеңкеге ет алуға келдік. Бұл жерден басқа ештеңе сатып алмай кету мүмкін емес. Сондықтан балық, сүзбе және көкөністер де сатып алдық”, – дейді елордалық тұрғын Тамара. 

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңке екі күн бойы – 30 және 31 қазанда өтеді.

Все новости