Елордалық еріктілер халық санағынан өтуге көмектеседі
![](/img/articles/uploads/6170f5094964f825493212_ca3ff68d58.jpg)
"Astana Jastary" КММ еріктілері алдағы екі аптада үйлерді аралау қарқынын арттыруға ниетті. Оқушылар мен студенттер буклеттерді Нұр-Сұлтанның барлық төрт ауданында, сондай-ақ Үркер-Ильинка тұрғын алабында, "Пригородный", "Оңтүстік-Шығыс" және "Шұбар" шағын аудандарында таратуды жоспарлап отыр.
"Халық санағы Қазақстанның барлық тұрғындарына қатысты. Біздің іс-шара елордалық Статистика департаментімен бірлесіп өтуде. Бұл акцияның ерекшелігі – біз азаматтарға санақ туралы ақпаратты тікелей үйден алуға мүмкіндік береміз. Буклеттерде интервьюер қандай күндері келеді және онлайн форматта халық санағынан қалай өту керектігі жазылған. Еріктілердің міндеті – адамдар жобаның маңыздылығын түсінуі үшін ақпаратты жеткізу", - деді ерікті Дамир Айтымов.
Еріктілер мұндай іс-шаралар өздерінің таным көкжиегін кеңейту үшін өте пайдалы деп санайды.
"Біз қаладағы жаңа жерлерді білдік, адамдармен сөйлесе бастадық, адамдардың санақтан қалай өтетіні туралы көптеген ақпарат білдік. Бұл пайдалы, өйткені мен бұған дейін мұндай шараларға қатыспаған едім. Бұл қоғамға пайда әкелетін қызықты тәжірибе", - деді ерікті Әмина Алпысбай.
Естеріңізге сала кетейік, 16 қазаннан бастап Қазақстанда онлайн санақ науқаны аяқталды. 45 күн ішінде 39,6% немесе 7 527 458 адам қамтылды. Сұхбат алушылардан 3 миллион 792 мыңнан астам адам сұралды. Жалпы санақтан халықтың 60% өтті.
Интервьюерлердің үйлерді офлайн аралау жұмыстары 30 қазанға дейін жалғасады.
Ұлттық статистика бюросы онлайн санақтан өткендерге интервьюерге хабарлама нөмірін көрсету қажет екенін еске салды. Олар қайтадан сұралмайды.
Интервьюерлерді санақтың логотипі бар көк түсті шарфы мен сөмкесінен тануға болады, бұдан басқа, олардың әрқайсысында планшет және интервьюер куәлігі болуы тиіс. Куәлікте көрсетілген тіркеу нөмірі бойынша sanaq.gov.kz сайтынан интервьюердің жеке басын тексеруге болады. Сондай-ақ мұны 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да білуге болады.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)