00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордадағы ботаникалық саябақта ағаш түптері отырғызылды

24.02.2023 | 16:17
Елорда ақпарат
109

Шаһардың сол жағалауында орын тепкен Ботаникалық саябақта барлығы 150 дана ағаш отырғызылды. Аталмыш акция республика бойынша өтіп жатыр. Бүгін ел бойынша 5 мың ағаш отырғызылады деп күтіледі. Көшеттердің қатарында қарағай, қайың, құсшие және алма ағашы бар.

Бұл акция ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд. ағаш отырғызу туралы тапсырмасы аясында өткізілуде. Министрлік алдағы 5 жылдың ішінде Қазақстандағы орман алқабтарында 2 млрд. ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл шара Қазақстанның барлық қалаларында жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, Қазақстанда 30 млн. гектар орман алқабы бар. Оның басым бөлігі Қызылорда және Жамбыл облыстарына тиесілі.

Все новости