00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

24.02.2023 | 16:16
Елорда ақпарат
94

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысовтың айтуынша, жәрмеңке осы сенбі және жексенбі, яғни 16 және 17 қазан күндері таңғы сағат 9-дан басталып, кешкі сағат 18:00-ге дейін созылады.

«Бас шаһарда еліміздің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізу, сол арқылы отандық өнімдердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үрдісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Арнайы жасалған кестеге сәйкес өңірлердің өкілдері биыл да астаналықтарды өздерінің базар бағаларына қарағанда арзан әрі сапалы өнімдерімен қуантуда. Бұл жолы қостанайлықтар 215 тоннаға жуық өнім әкелді. Ең бастысы тауарлардың бағалары қолжетімді. Әсіресе, тұрғындар тарапынан ет өнімдеріне, көкөністер мен картопқа деген сұраныс жоғары. Елордада осымен 11-ші жәрмеңке өтіп жатыр. 21 тамызда басталған өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымына жалпы 3,5 мың тоннаға жуық өнім сатылды. Республиканың әр өңірінен келген 550-ге жуық кәсіпкерлік жәрмеңкеге қатысты», - деді Руслан Ыдырысов.

Қостанай облысының 14 ауданы мен 3 қаласынан келген 50-ден астам фермерлік, шаруа қожалықтары мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін тұтынушыларға ұсынуда. Атап айтқанда, кәсіпкерлер 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімдерін, 20 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдерін, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдерін сатылымға шығарды. Сондай-ақ, ассортиментте нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және басқа да өнімдер бар.

«Бұл жолғы жәрмеңкеге Федоров ауданының тауар өндірушілері өз өнімдерін әкелді. Қазіргі уақытта көкөніс, сұйық май, картоп, сүт және шұжық өнімдері сатылуда. Сондай-ақ жергілікті шаруашылықтар 3,5 тонна сиыр және қой етін әкелді. Сонымен қатар сауда сөрелерінде жеміс-жидек те бар. Әрине, елорда тұрғындарының біздің етке деген сұранысы жоғары. Бізде бағалар нарықтық бағадан әлдеқайда төмен», - деп хабарлады Қостанай облысы Федеров ауданы әкімінің орынбасары Арнұр Сартов.

Жәрмеңкеде сатылған көкөністер бағасы халық көңілінен шықты. Мәселен, картоп пен сәбізді 120 теңгеге, пиязды – 100, жылқы етін – 2200, сиыр етін – 2000, ал қой етін – 1900 теңгеге сатып алуға болады.

Жәрмеңкеде жиналған халықтың қарасы көп. Сөрелердегі азық-түлік бірден өз тұтынушысын тауып жатыр. Елордалықтар тарапынан, әсіресе ет өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Сара Маратқызы есімді қала тұрғыны дәстүрлі тауар өндірушілер жәрмеңкесін өткізіп алмауға тырысатындарын айтты.

«Жәрмеңкелерді арнайы күтемін. Себебі, мұнда барлық қажетті өнімдер ұсынылады. Бүгінгі жәрмеңке де көңілімнен шығып отыр. Соңғы кездері дүкендегі еттің бағасы шарықтап кетті. Сондықтан біраз азық-түлік сатып алдым. Бұл жерде сиыр етінің бір килограмы 1900 теңгеге сатылып жатыр. Әйтеуір, қалтаң көтереді. Осындай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жиі өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді», - дейді Сара Маратқызы.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы 31 қазанға дейін жалғасады.

Все новости