Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергендерге айыппұл салынады
![](/img/articles/uploads/6153dfb1968ee915755523_891b44f741.jpeg)
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында елорда әкімдігі «айналым тетігі» жобасы, тұрақтандыру қорын қалыптастыру, маусымдық жәрмеңкелер өткізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Нұр-Сұлтан әкімдігінде сауда желілері, базарлар өкілдерімен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен және т.б. кеңес өтті.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін биыл «айналым тетігі» жобасы жалғасуда. Жобаға қатысушылардың саны кеңейтілді, сондай-ақ сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін сома ұлғайтылды. 2020 және 2021 жылдары 3 млрд 700 млн теңге бөлінді. «Айналым тетігі» жобасына «Magnum», «Анвар», «Астықжан», «Кеңмарт», «Вкусмарт», «Аян», «Ақмол», «Шапағат», «Small», «Сарыарқа» сауда орындары және бірқатар дүкендер қатысады.
Бакалея, көкөніс, ет және сүт өнімдерін өндірушілермен және жеткізушілермен шарттар жасалды, оның ішінде шамамен 14 мың тоннаға көкөніс келісімшарты жасалды. Көкөніс, ұн, сиыр еті және т.б. сатып алу мәселесі пысықталып жатыр.
Сондай-ақ, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу төмен бағаны ұстап тұруға және өнімді сатуға мүмкіндік береді. Республика өңірлерінің қатысуымен өтетін жәрмеңкелер 21 тамыздан басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Өткен жәрмеңкелерде нарықтық бағадан төмен бағамен 2 мың тоннадан астам өнім сатылды.
Бұдан басқа, инвестициялар есебінен елордада қуаттылығы жылына 10 мың тонна өнімді құрайтын 3 көтерме-тарату орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысы жүріліп жатыр. Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 5 мың тонна нан-тоқаш комбинатын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.
Өңірлік инвестициялық кеңес аясында жалпы құны 2,6 млрд теңге болатын өндірістік-тамақ кешенінің (сүт өңдеу зауыты, нан-тоқаш комбинаты, көкөніс қоймасы) құрылысына қолдау көрсетілді.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)