00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорданың бірқатар көшесінде қозғалыс сызбасы өзгереді

24.02.2023 | 14:49
Елорда ақпарат
75

Жаяу жүргіншілер өтпелері алдындағы бұрылу алаңдары көше-жол желісінің жүктемесін азайтуға оң әсерін тигізді. Осылайша, бұл шешім көшелердің тағы 5 учаскесінде енгізілетін болады: үшеуі Оңғарсынова көшесінде, біреуі Назарбаев орталығы ауданында Бөкейхан көшесі бойынша және біреуі №76 орта мектеп ауданында Керей, Жәнібек хандар көшесінде.

Мәңгілік ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы (Бөкейхан көшесінен), Тәуелсіздік даңғылы – Нәжімеденов көшесі (Қалдаяқов көшесінен), Түркістан көшесі – Керей, Жәнібек хандар көшесі (Алматы көшесінен) қиылыстарында солға бұрылуға тыйым салу жоспарлануда.

Сондай-ақ бағдаршамның қосымша секцияларын орнату жұмыстары белгіленген: Айтматов көшесі – Мұхамедханов көшесі оңға Қорғалжын тасжолы бағытында, Мәңгілік Ел даңғылы – Бұқар жырау көшесінің қиылысы солға Түркістан көшесіне қарай, Сарыарқа даңғылы - Сейфуллин көшесінің қиылысы қолданыстағы «+» жарық сигналы қосымша солға бұрылу секциясына ауыстырылады.

Барлық жоспарланған іс-шаралар 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін іске асырылатын болады.

"Аталған өзгерістерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Полиция департаментімен бірлесіп жолдардың өткізу қабілетін арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарлап отыр.

Жол қозғалысына қатысушылардың барлығын қырағы болып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Все новости