00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Поиск

Авиценна олимпиадасына қатысқан қазақстандық 8 оқушының барлығы медальге ие болды

14.06.2024 | 12:53
Торғын Аман
154
Авиценна олимпиадасына қатысқан қазақстандық 8 оқушының барлығы медальге ие болды
фото: www.gov.kz

 9-14 маусым аралығында Өзбекстанның Бұхара қаласында өткен биология пәнінен Авиценна атындағы халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасының атынан сегіз оқушы қатысып, 8 медаль ұтты, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Олимпиада 18 елден келген 100-ден астам оқушы арасында өтті.

Күміс медаль - Амина Тынарбай, Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №10 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Күміс медаль - Ғалымжан Бақтыбай, «Білім-инновация» дарынды ұлдарға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, Астана қаласы;

Күміс медаль - Дана Амангелді, Астана қаласы Nurorda мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Күміс медаль - Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Қола медаль - Нұртөре Төреханұлы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль - Айғаным Балташова, Астана қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль - Аружан Алмашова, Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №10 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Қола медаль - Рауан Есен, Жамбыл облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация»  мамандандырылған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. 

Құрама команданың жетекшісі Асқар Маратұлы Мажикенов - Назарбаев Университетінің магистрі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, биология пәнінен құрама команданың жаттықтырушысы.

Все новости