Коронавируспен ауыратындарды оңалту үш кезеңнен тұрады – Цой

0
0
фото интернеттен алынды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды оңалту үш кезеңнен тұратынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазір оңалту бағдарламалары әзірленіп жатыр. Тамыз айының басында біз тарифтерді пысықтап, осы қызметті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші деңгей емханалар базасында, яғни пациенттер оңалту көмегін ала алатын стационар деңгейінде. Үшіншісі – амбулаториялық көмек деңгейінде. Қажет сома медициналық сақтандыру қорынан төленеді. Ең бастысы, аурудың ауырлығына байланысты пациенттер қандай оңалту түрін алуы керек екені анықталады», – деді Алексей Цой.
Айта кетейік, министр онлайн брифинг барысында әрбір екінші қазақстандықта КВИ-ге қарсы антидене пайда болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.