Өтемақы: Коронавирус инфекциясын жұқтырған 120 медқызметкердің өтініші қанағаттандырылды

0
0
фото Coronavirus-monitor.ru

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустық инфекция жұқтырған және осы дерттен қайтыс болған медициналық мамандарға өтемақы төлеу туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған 123 медициналық маман тарапынан өтемақы жөнінде өтініш түскен болатын. Бүгінде оның 120-сының өтініші қанағаттандырылып отыр. Ал коронавирустық инфекциядан қайтыс болған медқызметкерлердің туыстарынан келіп түскен 71 өтініш бойынша өтемақы төлеу қарастырылып жатыр. Негізінде жалпы тәжірибеге сәйкес, мұндай өтемақы өтініш түскеннен кейін 6 ай ішінде қарастырылады. Алайда қазіргі қиын кезеңді ескере отырып, бұл процессті қысқа мерзім ішінде жүзеге асыру қолға алынуда», – деді ол.