«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы проблемалы үйдің мәселесін бақылауға алды

0
0
Фото: Nur Otan партиясы қалалық филиалынан

«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы Қошқарбаев көшесі 80/1 мекенжайы бойынша орналасқан проблемалы үйдің мәселесін бақылауға алды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елордада көп балалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін салынған тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткен соң «құлай бастады». Жертөлелері болса үнемі ағынды және кәріз су астында қалады.

Қошқарбаев көшесі 80/1 мекенжайынының тұрғындары аталған проблеманы айтып, Нұр-Сұлтан қалалық «Nur Otan» партиясының филиалына шағымданды.

Қалалық партиялық бақылау комиссиясы, құрылыс басқармасы және Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері тексеріс шараларын жүргізді.

Нәтижесінде, тұрғындарымен кездесуден кейін партиялық бақылау комиссиясы а.ж. 1 қыркүйегіне дейін жертөлелерді ретке келтіруді, шатырды, кіреберістерді жөндеуді, міндетті түрде пандустар орнатуды тапсырды.

Бұл мәселені «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы бақылауға алды.