Еліміздің әрбір екінші азаматында КВИ-ге қарсы антидене пайда болды ма

0
0
фото интернеттен алынды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әрбір екінші қазақстандықта COVID-19 инфекциясына қарсы иммунитет қалыптасып, антидене пайда болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Негізінен гигиена, маска тағу, дистанция сақтау мәселесіне барынша назар аудару керек. Еліміздің әрбір азаматында вирусқа қарсы антидене пайда болғаны туралы ақпаратқа сенгім келеді. Өкінішке орай, бұл мәліметті ресми түрде растай алмаймыз. Жұқтыру деректері әлі де бар. Сондықтан ең алдымен әлеуметтік қашықтық пен маска тағу өткір мәселелердің бірі болып отыр. Бұған біз барынша көңіл бөлуіміз керек. Бұл бізді инфекциядан тезірек құтылуымызға әкеледі», – деді министр.
Айта кетейік, онлайн брифингте министр бүгіннен бастап көшеде де маска тағу міндеттелгенін мәлім етті.