Елорда тұрғыны қонаққа барып, 15 адамға КВИ жұқтырған: ата-анасы қайтыс болды

0
0
фото интернеттен алынды

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде карантиндік талаптарды сақтамаудың соңы қандай оқиғаларға алып келгенін мысалмен келтіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қостанай облысындағы Жетіғара қаласында қайтыс болған кісіге ас беріліп, ол жерде коронавируспен ауырған бір адам сегіз туысқанына жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласында КВИ белгілері бар адам Көкшетаудағы ата-анасының үйіне барып, қарым-қатынаста болған 15 адамға жұқтырды. Өкінішке орай, ол адамның ата-анасы қайтыс болды. Қарағандыда бір адам мерейтойлық жиынға келген 18 адамның 16-сына жұқтырғаны белгілі болды», – дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжанов.

Ералы Тоғжанов түнгі клубтардың да анықталғанын тілге тиек етіп өтті.

«Сонымен қатар, бұл қалада әкімдік түнгі клуб жұмыс істеп тұрғанын анықталды. Ол жерге шамамен 200-ге тарта адам жиналған. Бәрі дерлік маскасыз болып, санитарлық талаптарды сақтамаған. Мұндай мысалдарды Қазақстан бойынша мыңдап келтіруге болады», – дейді Е.Тоғжанов.