Еліміздің 7 өңіріндегі 15 провизорлық стационар жабылды – вице-премьер

0
0


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте карантиндік шаралардың тағы да екі аптаға созылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 шілдеден бастап коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін енгізілген карантин шаралары өз нәтижесін берді. Аурудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді. Аурудан жазылғандар саны 66 пайызға жетті. Жедел жәрдемді шақыру 40 пайызға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға байланысты шақырту 52 пайызға, пневмония бойынша 35 пайызға азайды. Ауруханалардағы орындар саны 90 пайыздан 40 пайызға босатылды. Соның ішінде 7 өңірдегі 15 провизорлық стационар жабылды. Ауруханалар мен емханалардағы дәрі-дәрмектің бір айлық қоры құрылды. Бұдан басқа бөлшек сауданы қолдау мақсатында шетелден 10 миллионға жуық дәрі-дәрмек Қазақстанға жеткізілді. Нәтижелер жаман емес. Алайда әлі де босаңсуға болмайды. Керісінше, осы жетістікті әлі де жетілдіру керек. Осыған байланысты Президенттің тапсырмасымен бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен комиссия отырысында карантиндік шараларды тағы да 2 аптаға ұзарту туралы шешім қабылданды», – деді ол.