Халықаралық велосипедшілер одағы 2021 жылға арналған күнтізбені жария етті

0
0

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2021 жылға арналған маусым күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жылдың үш негізгі Гранд-туры саналатын бәсекелердің өтетін мерзімі төмендегідей:

8-30 мамыр: «Джиро д’Италия»;

26 маусым-18 шілде: «Тур де Франс»;

14 тамыз-5 қыркүйек: «Вуэльта».

2021 жылғы маусым 19 қаңтар күні Австралияда басталады. Келесі жылды Қытайдағы Гуанси бәсекесі қорытындылап тұр.

Ұйымдастырушылар Токио Олимпиадасына байланысты «Тур де Франс» додасының өткізілу мерзіміне өзгеріс енгізген.