Садриддин Ахмедов Нұр-Сұлтанда жаттығып жүр

0
0
Дереккөз: Prosports.kz

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов карантин кезінде қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында Нұр-Сұлтанда жаттығып жүрген сәтінен видео жариялады.

Айта кетсек, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында Канадада өткізіп, аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жеңді.

Келесі жекпе-жегін күзде өткізеді деп күтілуде. Әзірге жекпе-жектің қайда өтетіні және қарсыласының кім екені белгісіз.