Қазақстандық кинотуындылар Тайланд Корольдігінде өтетін кино фестивальде көрсетіледі

0
0

Дереккөз: «Қазақфильм» киностудиясының ресми сайты

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан Республикасының  Тайланд Корольдігіндегі елшілігімен бірлесіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Тайланд Корольдігінде бірінші қазақстандық онлайн-фильмдер фестивалін өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

27 маусым мен 6 шілде аралығында тайландтық көрермендер үшін «Шырақшы» / «Хранитель» (режиссер Ермек Тұрсынов), «Жаужүрек Мың бала», «Анаға апарар жол» және «Елбасы жолы. Астана» (режиссер Ақан Сатаев), «Құнанбай» (режиссер Досхан Жолжақсынов), «Секер» (режиссер Сәбит Құрманбеков), «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы. Алтын тақ» (режиссер Рүстем Әбдраш) фильмдері ашық көрсетілімде болады.

Барлық фильмдер ағылшынша субтитрімен түпнұсқа тілде ұсынылған.

Аталған іс-шара қоғамдық сананы жаңғырту «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, Ұлы жеңістің 75-жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 80 жылдығы және Астана күніне орай ұйымдастырылды.