Қазақстанда дәрілер жеткілікті түрде өндіріледі – А.Цой

0
0
Фото Elorda Aqparat мұрағатынан

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте дәріханалардың қызуды түсіретін дәрілермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Әлеуметтік желілерде еліміздегі дәріханаларда дәрі жоқ деген арандату тұрғыдағы ақпараттардың тарап жатқанын көріп отырмыз. Осыны естіген азаматтар да дәрілердің қорын алдын ала сатып алуда, әсіресе қызуды түсіретін дәрілерді. Алайда Қазақстанда дәрілер жеткілікті түрде өндіріледі. Дәріханалардағы дүрбелеңді байқағаннан кейін дәрі-дәрмекті тасымалдау бағытына бірден өзгеріс енгізіліп, отандық өндірушілердің қатысуымен ірі көлемдегі қызуды түсіретін дәрілер тасымалданды. Ингавириннің 70 мың қаптамасы мен терафлюдің 49 мың қаптамасы жеткізілді. Алдағы аптада қоймаларға жеткізіліп, одан кейін өңірлерге жөнелтілетін болады. Айта кету керек, хаттамада бұл дәрілердің ешқайсысы covid-19-ды амбулаториялық жағдайда емдеуге пайдаланылмайды», – деді А.Цой.