Жедел жәрдем жетіспеушілігі қалай шешіледі

0
0
Фото Elorda Aqparat мұрағатынан

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемияны анықтайтын тест жетіспеушілігі жайлы қозғай отырып, жедел жәрдем бригадасының аздығы қалай шешілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Халықты тестпен қамтамасыз ету мақсатында жедел жәрдем бригадасы шақыруларға тест алып бару ұйымдастырылады. Әрбір өңірде COVID-19 тестке деген талапты анықтау эпидемиологиялық жағдайға байланысты реттелмек», – деді министр.

Ол сөз арасында жедел жәрдем қызметінің жұмысына сын тағылып жатқанын ерекше атап өтті.

«Халық тарапынан жедел жәрдем қызметінің ұзақ келуіне немесе шақыртудан бас тартуына байланысты шағым түсіп жатыр. Елімізде жедел жәрдем шақырту шамамен 1,8 есе артты. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы секілді ірі қалаларда 2-2,5 есе өсті. Бригада мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігі басты проблема болып отыр. Қазіргі уақытта отандық өнім ретінде 807 жедел жәрдем көлігін жеткізу бойынша келісімшарт жасалды», – деді А.Цой.

Ол өз сөзінде автопарктерді жұмылдыру арқылы коронатакси секілді шақыртуларға баратын шетелдік тәжірибе талқыланып жатқанын мәлім етті. Бұл ұсыныс қазір ведомствоаралық комиссияның қарауында тұр.