Денсаулық сақтау жүйесі еліміздің әлеуметтік-экономикасының барометрі болып қала береді – Цой

0
0
фото Sputniknews.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте елдегі коронавирус инфекциясының таралуы күн сайын артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Коронавирустық пандемия қазақстандықтардың өміріне едәуір әсер етіп жатыр. Көрші елдердегі ауыр ахуалға қарамастан алдын алу шараларының арқасында біздің еліміздегі жағдай бақылауға алынды. Алайда вирус қазіргі уақытта үй-үйге тарау деңгейіне өтіп кетті.  Барлығы індетпен күресті бастан өткеруде. Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Бүгінде науқастар саны 40 мыңға жуықтады. Соңғы тәулікте өлім жағдайы да тіркелді. Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бірақ медицина мамандары үнемі вирус жұқтырғандармен байланыста болып, өздері де ауырып қалуда. Бұл тұрғыда кадрлар жетіспеушілігі байқалады. Алайда ресурс жеткілікті, біздің қолымыздан келеді. Үкіметтің жаңа пакеті де жағдайды тұрақтандыруға серпін берді. Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі еліміздің әлеуметтік-экономикасының барометрі болған, солай болып қала береді», – деді Цой.