Бір жолаушының кесірінен басқалары денсаулығынан айырылмауы тиіс – Игенбердиев

0
0
Фото: CTS

CTS басшысы Бекмырза Игенбердиев жолаушыларға бетпердесіз қоғамдық көлікке мінуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қоғамдық көлік жүре бастаған бірінші күннен жолаушылардың санитарлық нормаларды сақтауын қадағаладық. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері таңғы алтыдан бастап автобустар толық тоқтағанша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бетперде тағу ережесін барлығы бірдей сақтаған жоқ.
Сонымен қатар, елордада бетперде тағу режимінің сақталатынын естеріңізге түсіреміз. Жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Бір адамның кесірі, оның өз денсаулығына және жақындарына әсер ететінін көбі түсінеді деп ойлаймын. Сол себепті біздің тұрғындарымызға «қоғамдық көлікте бетперде тағыңыз және автобус ішінде оны шешпеңіз» дейміз», – деді ол.

Бетперде тағу режимі автобустардың шығарылу күнінен сақталып келеді.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушыларда бетперденің бар-жоғын күнделікті тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Оған қоса жүргізушілерге автобус ішін 50% ғана толтыру тапсырмасы қойылды. Жолаушылар тек алдыңғы есік арқылы кіреді.

Карантиндік шаралардың енгізілуінен бастап, жол жүру ақысы тек қолма-қол ақшасыз жасалады. Көліктік карта, СМС/QR және мобильдік қосымша арқылы. Бұл жерде айта кететін жайт, SMS/QR төлем саны ұлғайды.

Бағыттардың линияға шыққан күнінде, 12 мамырда 36 335 болса, 21 мамырда – 73 925.

Жолаушылар саны күн санап өсіп келеді. 21 мамырда – 309 176 құрады. 12 мамырда – 146 907.