Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Телеграм-арнасы ашылды

0
0

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Телеграм-арнасы ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Арнада министрліктің қызметі, әзірлеп жатқан жобалары туралы ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ көпшілікті толғандыратын сұрақтарға ресми жауаптарды дер кезінде жариялап отыру жоспарланған. Сонымен бірге өзге де орталық мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат жедел түрде таратылатын болады. Электрондық пошта арқылы кері байланыс та қарастырылған. Арнаға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады», – делінген хабарламада.