Аида Балаева: Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі

0
0
Дереккөз: ҚР Ақпарат жіне қоғамдық даму министрлігі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мәжіліс өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы мәжіліс өткен болатын.

Мәжілісте екі мәселе қаралды: бағыныштыларының сыбайлас жемқорлығы үшін басшының жауапкершілігі туралы қараша айындағы түзетулерді түсіндіруге қатысты және министрілктің және оның ведомствоға бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шараларды түсіндіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде іс-шараға қатысушыларға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылығы туралы түзетулер жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов аталған институттың Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамаға енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар ол одан әрі осы институтты іске асыру тетігіне тоқталып, министрлік бағыттарының кең ауқымына жетекшілік жасайтындағын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңыздылығын айтты.

«Келтірілген залал және кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту түрінде нәтижесін көргенше, теріс салдарлардың алдын алған жөн», – деді ол.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылатынын атап айтты.

«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық ұғымы мемлекеттік қызметпен жиі байланыстырылады. Сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекет үшін үлкен қауіп төндіреді. Ең бастысы оның көріністері азаматтардың билікке және оның барлық қызметіне деген сенімін өзгертеді. Бұл жүйелі мәселе «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген жуырдағы түзетулер жинағы шешуге көмектеседі деп үміттенемін. Өз тарапымнан барлық әріптестерімді сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түріне қарсы тұруға шақырамын», – деді министр.

Айта кетсек, егер сыбайлас жетқорлық орын алса, бұл ткралы 1424 колл-орталығына тәуліктің кез келген уақытында хабарласуға болады.