Мұхтар Тілеуберді Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісіне награда табыстады

0
0
Фото: СІМ

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді миссиясының аяқталуына байланысты Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Ким Дэ Сикті қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында министр корей дипломатына Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасын табыс етті.