Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге қатысы бар азаматты қолға түсті

0
0
Дереккөз: knb.gov.kz

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Орталық аппаратпен бірлесіп, құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді «гидропоника» әдісімен заңсыз егіп-өсіруге қатысы бар «А» деген азаматты ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Тінту барысында каннабис элиталық сортының түптері (көкнәр, нарықтық құны 4,5 млн теңге шамасында), ауа ылғалдатқыш, арнайы қыздыру шамдары, желдету жүйесі, сондай-ақ кептірілген каннабис жапырақтары, электрондық таразы мен орау материалы алынды. Осы факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді. Алынған заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – делінген хабарламада.