Мектепке дейінгі қосымша білім беру педагогтары да тестілеуден өтеді

0
0
фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифингте педагогтардың аттестациялаудан өтетіні жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Биыл алғаш рет тестілеуден мектепке дейінгі қосымша білім беру педагогтары мен техникалық және кәсіптік ұйымдардың педагогтары өтеді. Тест тапсыруы үшін педагогтар электронды тіркеуден өтеді және өту күні мен уақытын таңдайды. Тестілеуге өтініш беру 23 мамырдан басталады», – деді ол.