Қазақстандағы Қытай елшілігі таратқан ақпаратына өзгеріс енгізді – СІМ

0
0
фото Inform.kz

ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев онлайн брифингте ҚХР-дың Қазақстандағы елшілігі таратқан ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Естеріңізге салсақ, Қазақстандағы ҚХР елшілігі әлеуметтік желіде елімізде түсініксіз пневмония жүріп жатқаны туралы ақпарат таратып, қытайлықтарға ескерту жасаған болатын. Осы жөніндегі сұраққа вице-министр былай деп жауап берді:
«Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің ақпараты жарияланған уақытта бірден елшілік пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой арасында телефон байланысы ұйымдастырылды. Тараптардың телефон арқылы байланысынан кейін ҚХР елшілігі таратқан ақпаратына өзгеріс енгізді».