Жазалаудың қажеті жоқ – Бюрабекова флешмобқа шыққан дәрігерлер туралы айтты

0
0
фото Dailynews.kz

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова онлайн брифингте әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшіліктің сынына ұшыраған дәрігерлердің флешмобы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бұл флешмоб – Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шара емес. Ол медициналық қауымдастықтың бастамасымен өткен болатын. Осындай ұсыныс түскен кезде министрлік тарапынан тек арақашықтықты сақтау, медициналық бетперде тағуды міндеттеу сияқты нұсқаулық берілді. Ол жекелеген азаматтардың іс-әрекеті болғандықтан, пандемия құрбандарына құрмет көрсетуге шыққан дәрігерлерді жазалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын», – деді ол.