Қазақстан Тәжікстанға портативті ӨЖЖ аппараттарын жіберуі мүмкін бе – вице-министр жауабы

0
0
фото Metabol.kz

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова онлайн брифингте әлеуметтік желілерде тараған Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазіргі уақытта барлық елдер бір-біріне көмек көрсетіп жатыр. Қазақстанға да бірқатар елдерден көмек ретінде медициналық құрылғылар, дәрі-дәрмектер әкелініп жатыр. Сол сияқты Қазақстан тарапынан да гуманитарлық көмек көрсету қарастырылуда. Соның ішінде Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдеткіш аппараттарын беру жөнінде көмек беруді ұйымдастыру жоспарда бар. Бұл процесс жыл соңына қарай жүргізілуі мүмкін. Мұндай өкпені жасанды желдеткіш аппаратын отандық компания өндіреді. Бұл компания Ақмола облысында орналасқан. Айта кету керек, аталған компания жақын арада өнім өндіру қуатын күшейтті. Алдағы уақытта осы компанияға еліміздің де ауруханаларын өкпені жасанды желдеткіш аппараттарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету жүктеліп отыр», – деді ол.