Бюрабекова: Бірыңғай дистрибьютор – гуманитарлық көмекті де тарату жұмысымен айналысатын бірыңғай оператор

0
0


ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова онлайн брифингте шетелдерден елімізге келіп жатқан гуманитарлық көмек туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бірыңғай дистрибьютор гуманитарлық көмекті де тарату жұмысымен айналысатын бірыңғай оператор ретінде саналады. Басқа елдерден гуманитарлық көмек ретінде әкелінген, әлі де әкелініп жатқан өнімдерді шекарадан өткізу сияқты белгілі бір процедуралар жүргізіп, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі жөнінде сертификаттау сияқты жұмыстар жасалғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор өнімдерді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына жеткізеді. Одан әрі қарай медициналық ұйымдарға үлестіріледі. Ал гуманитарлық көмек көлемі мен қай елдерден келіп жатқаны туралы толығырақ Сыртқы істер министріндегі әріптестеріміз айтатын болады», – деді ол.