2026 жылға қарай 36 су қоймасы салынады – М.Иманәлиев

0
0
Фото ашық көздерден алынды

2030 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және қайта құру есебінен 3 млн гектар суармалы жерді сумен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Марат Иманәлиев Мемлекет башсысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мәселеге айрықша назар аударуы оның әлеуметтік маңызы мен еліміз үшін стратегиялық мәнін көрсететінін атап өтті.

«Біздің министрліктің міндеті – суармалы жерлерді, яғни гидромелиоративтік желіні сумен қамту. Яғни, бұл – су көзі, су қоймалары. Бірінші кезекте, жаңа, суаруға арналған су қоймаларын салу жоспарланған. Сонымен қатар жоспарда бюджет қаражаты есебінен де, халықаралық қаржы ұйымдары арқылы да жаңа каналдар салу мен бұрынғыларын жаңғырту жұмысы бар», – деді М.Иманалиев.

Оның сөзінше, 2026 жылға қарай 38 су қоймасын салу жоспарлануда.

«Біздің су шаруашылығы желілерін қайта салу кезінде біз сонымен қатар, көбіне, егіске су жеткізу кезінде орын алатын су жоғалтуды болдырмаймыз. Сондықтан ауыл шаруашылығындағы фермерлерге суару кезінде су үнемдеу әдісіне, оның ішінде, тамшылатып суаруға көшу маңызды. Біз өз тарапымыздан су жеткізу кезіндегі суару кезінде су үнемдеу әдісі есебінен лимит белгілеуді, жаңа сараланған тарифті ұсынамыз – көп алсаң, көп төлейсің. Мұндай тарифтер Израильде қолданылады. Суару кезінде су үнемдеу жүйесін қарқынды қолдану, су жоғалтуды болдырмау есебінен біз суармалы жерлердің аумағын ұлғайту көп су алуға әкелмейді деп есептейміз», – деді ол.