«Antikor ortalygy» алаңында дәріханаларға жүргізілген мониторинг нәтижелері айтылды

0
0

«Antikor ortalygy» алаңында дәріханаларға жүргізілген мониторинг нәтижелері айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

 

Бұл туралы брифинг барысында «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Шекенов Мирас Ерғалиұлы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Имашева Снежанна Валерьевна айтты.

Өткен аптада елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2 мониторингтік топ құрды. Оның құрамында департамент қызметкерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері, «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлері мен арнайы мониторингтік топ мүшелері бар.

Жұмыс топтары азаматтардың шағымдары негізінде дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасы мен қол жетімділігіне мониторинг жүргізуде.

«Қазіргі уақытта 40-қа жуық шағым түсті.

Бүгінгі күні 30 дәріханада, оның ішінде «СҚ-Фармация» ЖШС қоймасына мониторинг жүргізілді», – деді Мирас Шекенов.

Мониторинг барысында келесі бұзушылықтар анықталды:

Сонымен, Қонаев көшесінде орналасқан «ORYNKUL FARM» дәріханасында қала тұрғынына «Ингаверин» препаратын 10 200 теңгеге сатқан. Бұл препараттың «DariKZ» қосымшасындағы шекті құны 5 940 теңгені құрайды.

Абылайхан көшесі, 54а мекенжайы бойынша орналасқан «Сайлыбаева» ЖК дәріханасында қала тұрғыны 0,3 мл «Фраксипарин» препаратын 14000 теңгеге сатып алған. Бұған дейін аталған дәріге 13 мың теңге төлеген. DariKZ қосымшасында белгіленген ең жоғары баға – 16340 теңге, осылайша аталған дәріні 5 830 теңге қымбатқа сатқан.

«D3» дәріханасында қала тұрғыны 6 қаптамадағы 1г. «Цефамед» дәрі-дәрмегін 3500 теңгеге сатып алған. Бұған дейін бұл дәрі-дәрмектің құны 1800 теңге болған. DariKZ қосымшасында белгіленген ең жоғары баға 2743 теңгені құрайды.

Керей және Жәнібек хандар көшесі 12/1 мекенжайында орналасқан «Пульс» дәріханасында қала тұрғыны «АЦЦ» 600 мг №10 препарат үшін 4200 теңге төлеген. Алайда, «DariKZ» қосымшасында препараттың ең жоғары бағасы 3448 теңгені құрайды.

Шағын дәріханаларда азитромицин, тамифлю, цефтриаксон, клексан, парацетамол, аспирин, ингавирин, сумамед, ксарелто сияқты маңызды дәрілер болмағанын айта кету керек.

Тек Абылайхан көшесі 54а орналасқан «Сайлыбаева ЖК» дәріханасында аталған препараттардың барлығы бар. Бірақ сатып алушылардың айтуынша, кезекке таңертеңнен бастап тұрады және бағаның шамадан тыс қымбат болуына наразылық білдірген.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілген.

Брифинг барысында Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева дәрілердің жетіспеушілігі туралы айтты.

«СҚ-Фармация» – өте ірі монополист және ол барлық медициналық мекемелерді жабдықтаумен айналысады. Онда не болып жатқаны түсініксіз. Менің ойымша, олардың қызметін мұқият тесеріп, тек жоғары басшылықты жұмыстан шығарумен ғана шектелмеу керек. Басшылықтан бөлек, орынбасарлары, логисттер бар. Осындай жағдайға жол бергені үшін оларды жауапкершілікке тарту қажет», – деді Снежанна Имашева.

Сонымен қатар, Снежанна Имашева дәрі-дәрмектерге мониторинг жүргізуге қатысуға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ барлық тұрғындарды дәрі-дәрмектердің бағасы негізсіз көтерірлген жағдайда мәселені уәкілетті органдарға хабарлауға шақырды.