42 500 теңге алу үшін қандай порталдарға өтініш беріледі

0
0
фото Yandex.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантин шараларының ұзартылуына байланысты төленетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алу үшін қандай порталдарға өтініш берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Өткен жолғыдай 42500enbek.kz порталы, egov үкімет порталы, өзін өзі жұмыспен қамтып жатқан жеке тұлғалар үшін Telegram-бот жұмыс істейді. Олардың бәрі жұма күннен бастап іске қосылады. Бұған қосымша қазір Kaspi банк пен Halyk банкі портал құрып, халықтың өтінішін қабылдау жөнінде ниет білдірді. Бейсенбі күні оның бәрін жария етеміз», – дейді министр.
Айта кетейік, министр онлайн отырыста әлеуметтік төлем кімдерге әрі қай уақыттан бастап берілетінін айтқан болатын.