42 500 теңге студенттерге студент болғаны үшін берілмейді – Нұрымбетов

0
0
Фото: ortcom.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте 42 500 теңгелік бір реттік әлеуметтік көмектің тек жұмыс істеп жүріп, табысынан айырылған студенттерге ғана тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Заң бойынша студенттер жұмыссыздар санатына жатпайды. Сондықтан оларға студент болғаны үшін 42 500 теңге төленбейді. Тек егер студенттер арасындағы жалдамалы жұмысшылар болса, олар үшін жұмыс берушілер өтініш бере алады. Ал кәсіппен айналысатын студенттер осы карантинге байланысты жұмыстары тоқтап қалса, жеке кәсіпкер ретінде өтініш бере алады. Төтенше жағдай кезінде де жұмыссыз қалып, табысынан айырылған студенттер 42 500 теңге тағайындалған болатын», – деді ол.