Әлеуметтік көмек кейбір санаттағы азаматтарға өтінішсіз тағайындалады – министр

0
0
фото Express-k.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте 42 500 теңгелік бір реттік әлеуметтік көмектің тек кейбір санаттағы азаматтарға ғана өтінішсіз тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Кейбір адамдар: «өткен жолғы өтінішіміз неге жарамайды? 42 500 теңгені сол өтініш бойынша бере берсеңіздерші» деген пікірлерін білдіріп жатыр. Алайда қазір жағдай өзгерді. Әр өңірдегі жағдайлар да өзгеше. Сонымен қатар кейбір өңірдегі бірқатар кәсіпорын жұмысын жалғастырып жатыр. Кейбір сауда орындарының жұмысына да аздаған шектеу қойылып, толықтай тоқтатылған жоқ. Сондай-ақ өткен жолғы карантинде жұмысын тоқтатпаған азаматтардың кейбірі осы жолы жұмыссыз отыруы мүмкін. Сондықтан өтініштер қайтадан қабылданады. Тек кейбір санаттағы азаматтарға проактивті түрде өтінішсіз тағайындалады. Алайда олардың телефон нөмірлеріне «әлеуметтік көмекті өтінішсіз тағайындасақ, сіз келісесіз бе?» деген мазмұнда смс хабарлама жіберіледі. Оны азаматтар кері смс хабарлама арқылы растауы тиіс. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы аптаның жұма күніне дейін бұл жұмыстар бір жақты болады», – деді ол.