Президент пәрмені: Еліміздің ауруханаларындағы дәрі-дәрмек бағасы қатаң бақыланады

0
0
Фото Elorda Aqparat мұрағатынан

Елімізде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін Мемлекет басшысы ел тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту және дәріханалардағы бағаларға қатысты деректер бойынша қатаң шараларды қабылдау жөнінде арнайы тапсырма берді. Президент ел азаматтарының дәрілерге қолжетімділігіне ерекше мән беріп отыр. Жалпы, бұл мәселе – Үкіметтің күн тәртібіндегі негізгі жұмыстардың бірі. Соңғы 10 жылда отандық формацевтика өнімдері 7 есеге артқан. Бүгінгі таңда Қазақстан ауруханалары коронавирус жұқтырғандарға ем-шара жүргізу үшін дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етілген. Мәселен, қазіргі уақытта ауруханаларда 17 700 науқас жатса, медициналық мекемелер 27 мың адамға жететін дәрілік қормен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда мұнымен тоқталмай, әрі қарай да тиісті шаралар қабылданады. Алдағы уақытта дәрі-дәрмек қоры 59 мың науқасқа жететін көлемге ұлғайтылады. 15 шілдеге дейін 840 мың лопинавир, ритонавир таблеткалары, 61 мың гидроксихлорохин, 11 мың флакон редисивирус, сонымен қатар 15 тамызға дейін осы дәрілердің 440 мың таблеткасы елге жеткізілетін болады. Сондай-ақ медициналық сақтандыру қоры тарапынан созылмалы аурулары бар азаматтарға берілетін дәрілер қоры да жеткілікті. Оны қажет болған жағдайда науқастарға емханалардағы мобильдік бригадалар жеткізіп береді», – деді ол.