Қалдыкөзов: 2 300 вагонның 1 600-і кондиционерлік жүйемен қамтамасыз етілген

0
0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов пойыз вагондарындағы кондиционер жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жалпы, біздегі пойыз вагондарының саны 2 312-ні құрайды. Соның 1 600-інде кондиционер жүйесі қамтамасыз етілген. Өкінішке қарай, бізде ескі вагондар паркі де жұмыс істеп тұр. Онда 686 вагон бар. Дегенмен қазіргі карантиндік режимге байланысты жолаушыларды тасымалдауға 1 000-ға жуық вагон жолға шығарылады. Олардың барлығы кондиционерлік жүйемен қамтамасыз етілген», – деді ол.