Бірнеше бағыт бойынша «Тұлпар-Тальго» пойызы уақытша тоқтатылады – Қалдыкөзов

0
0

Мүмкіндігі шектеулі жандарға пойыз билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«1 маусымнан бастап теміржол қозғалысы біртіндеп қалыпқа келтіріліп, еліміздің барлық өңірі бойынша 93 маршрут іске қосылды. 5 шілдеден бастап қатаң карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан – Алматы, Нұр-Сұлтан – Орал, Нұр-Сұлтан – Атырау бағыттары бойынша «Тұлпар-Тальго» пойызы уақытша тоқтатылады. Бұл бағыттар бойынша басқа да теміржол маршруттары қарастырылған. Айта кету керек, осы жылдың 19 маусымынан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билет құнына 35 пайыздық жеңілдік қарастырылған болатын. Қозғалысы тоқтатылған 3 бағытқа билет алып қойғандар билеттерін ешқандай үстемеақысыз өткізе алады немесе басқа пойыздарға сондай жеңілдікпен билет сатып алуға мүмкіндік беріледі. Теміржол кассалары штаттық режимде жұмыс істейді. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса, 105 анықтама нөміріне хабарласуға болады. Осы сәтті пайдаланып айта кететін болсам, 26 маусымнан бастап онлайн билет сатып алудың жаңа нұсқасы шығарылды. Оның сілтемесі компания сайтында бар. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік 50 пайыздық жеңілдік қарастырылып отыр. Қазіргі шектеулерге қарамастан мүмкіндігі шектеулі жандар осы жеңілдікті пайдалана алады. Барлық қазақстандықты шыдамды болуға, өздерін және отбасыларын қорғауға шақырамыз», – деді ол.