Карантин: Әуе рейстері сақталады, пойыздар қозғалысына қысқарту енгізіледі

0
0

ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова баспасөз мәслихатында карантиндік шектеулер туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру мақсатында Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап елде қатаң карантиндік шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, өңірлер арасындағы әуе рейстер сақталады. Теміржол тасымалдау көлеміне қысқарту енгізіледі. Қала маңына қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады. Пойыздардың вагондары жасақталмайды», – деді ол.