15 мың науқас ауруханадан шықса, қазір 30 мыңы емделіп жатыр – Есмағамбетова

0
0

Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 45 719 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Айжан Есмағамбетова баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша елдегі жағдай тұрақты емес. Бүгінгі есеп бойынша Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 45 719 адамға жетті. Жеңіл симптомды ауру түрі 21 819 науқаста байқалады. Ал аурудың орташа өту дәрежесі 23 645 науқастан байқалуда. 15 276 науқас ауруханадан емделіп шықты. 30 219 науқас ауруханада емделіп жатыр. Соңғы уақытта коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Соңғы тәулікте 1 644 адамның вирус жұқтырғаны анықталып отыр. Жалпы, дертке шалдыққандардың 42 пайызы профилактикалық тексеріс кезінде анықталған. 37 пайызы байланыста болғандар. 19 пайызы өздігінен жүгіну кезінде және 2 пайызы сырттан келгендер арасында анықталған», – деді ол.