Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

0
0
фото Almaty.tv

Қазгидромет РМК 2020 жылғы 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ түсуі ықтимал.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауаның температурасы түнде біртіндеп 5-10 дейін, кей жерлерде 13 жылыға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында Иран аудандарынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сондай-ақ ауа температурасының түнде 17-25 дейін, күндіз 32-40 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі.