Еліміздегі 3,5 мың ауылда 7 мың шақырым жол жөндеу жоспарланып отыр

0
0

130 мың жаңа жұмыс орнын құрып, 7 млн ауыл тұрғынының өмір сапасын жақсарту көзделуде. Мұның барлығы «Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде жасалуда, деп хабарлайды Елорда Инфо Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарлама Қостанай ауданында, атап айтқанда, Октябрь ауылдық округінде іске асырылып жатқаны туралы айтайық.

Октябрь ауылдық округінде 3800 (үш мың сегіз жүз) адам тұрады. Инфрақұрылымды дамытуға мұнда ерекше назар аударылады. Егер бұрын ауыл ішінде жүру оңай болмаса, қазір бұл проблема артта қалды. «Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде бірден бірнеше көшеге күрделі жөндеу жасалды.

Октябрь ауылдық округінің софхоз орта мектебі 1962 жылы құрылған. Салынғаннан бері күрделі жөндеу жасалмаған. Биыл әлеуметтік нысанды қайта жөндеуден соң, ең заманауи талапқа жауап беретін болады. Мектепті қалпына келтіруге 400 миллион теңге бөлініпті. Бұл мүмкіндік «Ауыл ел бесігі» жобасының арқасында пайда болды.

Мектепте 320 бала оқиды. Кабинеттер жаңа жиһазбен жабдықталды. Жаңа компьютерлер алынады. Мектеп оқушылары робот жасау техникасы мен бағдарламалау үйірмелеріне қатыса алады. Ауылдағы Мәдениет үйі де жөнделеді.